17-05-24 |
6910 рет қаралған
Құлсарыда үш күннен бері митинг жалғасып жатыр.
Құлсарыда үш күннен бері митинг жалғасып жатыр

Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары тұрғындары өтемақы талап етіп, президент Тоқаевқа үндеу жасады.

Құлсары қаласының орталығында митинг жалғасып жатқанына бүгін үшінші күн. Атырау облысы әкімі тұрғындардың талаптары орындалмайтынын айтқандықтан со олар президентке жүгінді.

Мамырдың 16-нан 17-не қараған түні Жылыой ауданы әкімдігінің алдына «Үйдің ақшасы қолға берілсін» деген плакат ұстаған наразылық білдірушілер видеоролик түсіріп, Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу тастады. Айтуларынша, енді таңдаулары қалмай, президентке жүгінуге мәжбүр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.