Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстанда газ бағасы өседі – Бектенов

/
Қазақстанда газ бағасы өседі – Бектенов

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтегі баспасөз брифингі барысында елдегі газ саласындағы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Бектенов солтүстік және шығыс өңірлерді газдандыру – үлкен әрі стратегиялық міндет екенін атап өтті.

Сондай-ақ, ол Қазақстандағы газ бағасы әлемдік деңгеймен салыстырғанда айтарлықтай төмен екенін айтты.

«Газ көлеміне келсек, біз, әрине, өз ресурстық базамызбен жұмыс істеп жатырмыз. Сонымен қатар, қажетті газ көлемін импорттау үшін басқа елдермен келіссөздер жүргізілуде. Баға саясатына келсек... Біздің ішкі нарықтағы газ бағасы әлемдік бағадан әлдеқайда төмен. Сондықтан біз бұл бағаны біртіндеп арттыру бағытына көшеміз. Бұл – қалыпты нарықтық жағдайды құру үшін қажет. Сол кезде Қазақстандағы газ саласы инвестиция үшін тартымды болып, дами бастайды», – деді премьер-министр.