17-05-24 |
16830 рет қаралған
Балық шаруашылығы комитетінің төрағасына қатысты тергеу аяқталды.
Балық шаруашылығы комитетінің төрағасына қатысты тергеу аяқталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен Комитеттің балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысына қатысты 2021 жылдан бастап 2024 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде жалпы қамқорлығы үшін шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі негізде пара алды деген күдік бойынша тергеуді аяқтағандарын мәлімдеді.

Тергеу соты күдіктіге қатысты «электронды білезікті» қолдана отырып, «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолданды.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.