03-04-24 |
6080 рет қаралған
Қазақстан биыл да Жеңіс парадын өткізбейтін болды.
Қазақстан биыл да Жеңіс парадын өткізбейтін болды

ҚР Қорғаныс министрлігі 2024 жылдың 7 мен 9 мамырында әскери парад өткізуді жоспарлап отырмағандарын мәлімдеді.

Қорғаныс басқармасы мұны бюджет қаражатын үнемдеу және басқа да мәселелерді шешумен байланысты деп түсіндірді.

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі биыл 7 және 9 мамырда аталып өтетін Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери шерулерді өткізбеу туралы шешім қабылдады.

«Қазақстанда 2024 жылы әскери парад өткізу бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбаған. Басымдықтардың қатарында Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін сақтау бар», – деп нақтылады ҚР Қорғаныс министрлігі.

Айта кету керек, соңғы рет елімізде әскери парад 2018 жылы өткізілген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.