Мәжіліс кредит беру кезіндегі тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша депутаттардың бастамасымен әзірленген заңды екінші оқылымда қабылдады.
Заң жобасын қарау барысында депутаттар бірінші оқылымнан кейін несиелер мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеменің шекті көлемін анықтау, 2026 жылға дейін азаматтардың банктегі несиелері және микрокредиттер бойынша қарыздарын коллекторлық агенттіктерге сатуға мораторий енгізу, PDL микрокредиттерін немесе жалақыға дейін деп берілетін шағын несиелерді реттеудің ерекше режимін алып тастау туралы түзетулер енгізді.
Банк омбудсманына тек банктік несиелер бойынша дауларды қарау өкілеттігі беріледі. Сонымен бірге микрокредиттер бойынша дауларды қарау құзыретін беретін микроқаржы омбудсманы институты енгізіледі.
Сондай-ақ бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар тұратын отбасыларды қорғауға қатысты қосымша нормалар қарастырылды. Жылу беру маусымында оларды жалғыз тұрғын үйінен шығаруға жол бермеу ұсынылды.
Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жұбайының келісімінсіз жеке тұлғаға банктік қарыз беруге тыйым салынады. Әскери қызметшілерге мерзімді әскери қызметті өткерудің барлық мерзіміне банктік қарыз немесе микрокредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыру процесі автоматтандырылды.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024