07-06-24 |
11180 рет қаралған
ҚМДБ Құрбан айттағы демалысқа қатысты мәлімдеме жасады.
ҚМДБ Құрбан айттағы демалысқа қатысты мәлімдеме жасады

Биыл Құрбан айттың алғашқы күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, қазақстандықтарға қосымша демалыс берілмейді. Бұған дейін биылғы Құрбан айт маусымның 17 күні басталатындықтан демалыс берілетіні айтылған. Алайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпаратынша, биыл қасиетті мейрамның бірінші күні 16 маусым, жексенбіге түсіп тұр, сондықтан қосымша демалыс күн берілмейді.

«2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал Құрбан айт 16 маусымға сай келеді», – делінген хабарламада.

Ал қолданыстағы заңға сәйкес, діни мейрам демалыс күндерге түссе, демалыс басқа күнге ауыстырылмайды. Яғни бұған дейін ҚМДБ діни мерекелер кестесін жариялаған кезде, Құрбан айттың бірінші күні 17 маусым, дүйсенбіге түсетінін хабарланған. Дегенмен, айдың көрінуіне байланысты, қасиетті мейрам бір күн ерте басталатын болып тұр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.