Су тасқынынан зардап шеккендер өтемақы талап етіп отыр.
Жиналғандармен аудан әкімі Жұмабек Қаражанов кездесіп, мән-жайды түсіндіріп жатыр.
Атырау облысы Төтенше жағдайларды жою штабы жағдайға былайша жауап берді:
«Жылыой ауданында су басқан 2 920 үйдің 2 906-сы судан тазартылып, 2 667 тұрғын үйге техникалық тексеру жүргізіліп, 2 622 тұрғын үй сараптамадан өтті. Барлығы үш мыңға жуық өтініш түскен. Су тасқынынан зардап шеккен 3904 тұрғынға 100 пайыз біржолғы жәрдемақы берілді. Сондай-ақ, мүлкі бүлінген 289 кәсіпкерге залалды өтеу бойынша кеңес берілді».
Бүгін түстен кейін тұрғындарды техникалық сараптама және бағалау нәтижелерімен кезең-кезеңімен таныстыру басталады, деп қосты жедел штаб.