15-05-24 |
5910 рет қаралған
Құлсары тұрғындары әкімдік ғимаратының алдына ереуілге шықты.
Құлсары тұрғындары әкімдік ғимаратының алдына ереуілге шықты

Су тасқынынан зардап шеккендер өтемақы талап етіп отыр.

Жиналғандармен аудан әкімі Жұмабек Қаражанов кездесіп, мән-жайды түсіндіріп жатыр.

Атырау облысы Төтенше жағдайларды жою штабы жағдайға былайша жауап берді:

«Жылыой ауданында су басқан 2 920 үйдің 2 906-сы судан тазартылып, 2 667 тұрғын үйге техникалық тексеру жүргізіліп, 2 622 тұрғын үй сараптамадан өтті. Барлығы үш мыңға жуық өтініш түскен. Су тасқынынан зардап шеккен 3904 тұрғынға 100 пайыз біржолғы жәрдемақы берілді. Сондай-ақ, мүлкі бүлінген 289 кәсіпкерге залалды өтеу бойынша кеңес берілді».

Бүгін түстен кейін тұрғындарды техникалық сараптама және бағалау нәтижелерімен кезең-кезеңімен таныстыру басталады, деп қосты жедел штаб.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.