Бұған дейін БАҚ-та ШҚО әкімдігі 74 млн теңгеге анимациялық ролик пен подкастарға тапсырыс бергені, бірақ олар ешбір жерде жарияланбағаны айтылған еді.
Осы даулы ақпарат шығысымен Өскемен әкімдігінің инстаграм-аккаунтында екі мультфильмнің шыққаны туралы мәлімет жарияланды. Ал, подкасты Altay News сайтының YouTube-каналына жариялаған. Видеолар әлеуметтік желідегі 10 аккаунтта жариялануы керек болған. Оған қоса, YouTube-каналдың 300 мың жазылушысы болу керектігі айтылған.
Подкастың құны – 2,7 млн теңге, аннимациялық ролик – 900 мың теңге.
Бір қызығы бұл ролитер енді ғана жарияланып жатыр, ал 74 млн теңге өткен жылдың желтоқсан айында төленген.
Фото Мира Круль