Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында бүгін Шымкент қаласында ақсақалдар Кеңесінің бастамасымен жария талқылаулар өтті.
Барлық ниет білдірушілерді қатысуға шақыра отырып, тиісті хабарландыруды Шымкент қаласының әкімдігі ресми сайтта орналастырды.
Жария талқылауға өңір тұрғындары, жергілікті Қоғамдық кеңестің, ҚР Энергетика министрлігінің Қоғамдық Кеңесінің, Ардагерлер кеңесінің мүшелері, ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, «Ядролық физика институты» РМК, БАҚ, жергілікті белсенділер, жергілікті экологтар және т.б. қатысты.
Спикерлер ретінде ҚР Энергетика министрлігі, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, «Ядролық физика институты» РМК сөз сөйледі. Өз сөзінде спикерлер қазіргі уақытта Қазақстанда электр энергиясын тұтыну динамикасы қарқынды өсіп келе жатқанын атап өтті. Электр энергиясын тұтынудың белсенді өсуін ескере отырып, елдің қажеттілігін тұрақты қамтамасыз ету мақсатында қазіргі заманғы АЭС салу мүмкіндігін қарастыру қажеттігі бар.
Аталған іс-шараларда жергілікті тұрғындар экология, экономикалық факторлар, инфрақұрылымды дамыту, АЭС-тің шағын және орта бизнесті дамытуға әсері, реактордың қауіпсіздігі, кадрлар даярлау, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер бойынша белсенді сұрақтар қойды.
Жария талқылаулар сындарлы түрде өтіп, маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде азаматтық қоғамның сарапшылармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының маңыздылығын растағанын атап өтеміз.
Жалпы, талқылау барысында жергілікті тұрғындар Қазақстанда АЭС салу мәселесін қолдады.
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024