23-02-24 |
6050 рет қаралған
Трансшекаралық өзендердің мәселесімен көршілес мемлекеттің өкілдерімен 20-дан кездесу өтті.
Трансшекаралық өзендердің мәселесімен көршілес мемлекеттің өкілдерімен 20-дан кездесу өтті

2023 жылы Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) Құрылтайшы Мемлекеттер басшыларының Саммиті және ХАҚҚ Басқармасының отырысы, сондай-ақ Қордың 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті. 2018 жылдан бастап қолданыстағы ХАҚҚ ұйымдық құрылымын және шарттық-құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының 2 отырысы өтті.

Құрамына Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіретін Сырдария және Амудария өзендерінің бассейндері мәселелері бойынша Мемлекетаралық су шаруашылығы комиссиясының (МСШК) екі отырысы өтті. МСШК-ның келесі отырысы сәуір айында өтеді, онда су қоймаларының жұмыс тәртібінің кестесі мен су алу лимиттері келісіледі.

Қырғыз тарапымен Шу және Талас өзендері бойынша министрлер деңгейінде 2 қызметтік кездесу, сондай-ақ мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы объектілерін күтіп ұстау және пайдалану мәселелері қаралған Шу-Талас комиссиясының отырысы өтті. Осы жылдың сәуір айында Шу-Талас комиссиясының кезекті отырысы өтеді, онда су беру кестесі мен суару кезеңіне арналған су қоймаларының жұмыс тәртібі келісілетін болады.

Өзбек тарапымен 3 кездесу өтті, онда су қатынастарының негізгі мәселелері, оның ішінде Сырдария өзенінің бассейнінде алдағы суару маусымына дайындық бойынша іс-шаралар қаралды.

Ресей Федерациясымен су ынтымақтастығы шеңберінде Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Қиғаш, Қараөзен және Сарыөзен өзендерінің бассейндері бойынша жұмыс топтарының 8 отырысы өтті, сондай-ақ трансшекаралық су объектілерін пайдалану және қорғау жөнінде Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясының жыл сайынғы отырысы өтті.

Өткен жылы ҚХР-мен трансшекаралық су объектілері бойынша бірлескен жұмыс тобы шеңберінде 5 іс-шара өткізілді. Бүгінгі таңда 20-дан астам өзен бойынша келіссөз жүріп жатыр.

«Трансшекаралық өзендер бойынша су ынтымақтастығын одан әрі тереңдету мақсатында көрші елдердегі әріптестермен кездесулер мен отырыстар санын ұлғайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар, министрліктің Халықаралық ынтымақтастық департаменті жанынан екі су ынтымақтастығы басқармасы құрылды. Оның бірі Орталық Азия, екіншісі ҚХР және РФ бойынша жұмыс істейтін болады», – деді ҚР СРИМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Данияр Сағадиев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.