12-03-24 |
10290 рет қаралған
Түймебаевтың түріктерге неге бүйрегі бұрып тұрады?.
Түймебаевтың түріктерге неге бүйрегі бұрып тұрады?

Дауға қалған TAV Airports топ-менеджері ҚазҰУ-дың «құрметті докторы» атанды.

TAV Airports компаниясының HR директоры Хакан Окер әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «құрметті докторы» атанды. Жақында TAV бақылайтын Алматы әуежайы төңірегінде де, аталған университет төңірегінде бір қатар келеңсіз жайттар орын алғаны белгілі.

«Хакан Акер технология саласының дамуына ерекше үлес қосып, үлкен жетістікке жетті. Оған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құрметті докторы» атағы берілді», – делінген университет хабарламасында.

Окерге атақ беру сарапшылар қауымдастығы өкілдерін таң қалдырды.

«Оларға қарағанда, мен бұл үшін ұялып тұрмын. TAV-ның кадр жөніндегі вице-президентіне ҚазҰУ құрметті профессоры атағы – қандай еңбегі үшін берілді?», – деді  ҚазТАГ агенттігімен тілдескен авиация саласы сарапшыларының бірі.

Айта кету керек, ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев 2010-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болған. Түймебаев сол кезде «Қазақстан мен Түркия арасындағы достықтың нығаюына үлес қосқаны үшін» Түркия кәсіпкерлері мен іскерлер қауымдастығының медалі (2011) және «Халықаралық қатынастардағы ерекше жетістіктері үшін» Түркия туризмін дамыту халықаралық тұғырнамасының (TÜTAP) сыйлығын (2011) алған.

Еске салайық, 2023 жылдың 28 желтоқсанында Алматы әуежайының екі түрік топ-менеджері – коммерция жөніндегі аға вице-президент Йеткин Четин Пакер және бірінші вице-президент Фатих Өмур қызметтерін күтпеген жерден тастап кеткені туралы хабарлаған. Кейін бұл ақпарат Алматы әуежайында расталды. 2024 жылдың 5 қаңтарында әуежай қызметтік тергеу жүргізіп жатқанын және жүргізіліп жатқан тергеу аясында билікпен ынтымақтасатынын мәлімдеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.