17-04-19 |
1490 рет қаралған
Жәрдемақы мен зейнетақыны тағайындау жеделдетіле ме?.
Жәрдемақы мен зейнетақыны тағайындау жеделдетіле ме?

Қызмет көрсетудің проактивті әдісі қай салаларда енгізілген? Бұл сұрақ бүгін мәжілістің пленарлық отырысында «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында қамтылды.

Депутат Майра Айсинаның сөзінше, бүгінде проактивті (алдын-ала іс-қимыл) қызметтерді пилоттық режимде ата-аналар бала туғанда пайдалануда.

– Бала туғанда ата-аналар куәлік алуы керек, балабақшаға кезекке тұруы керек, бала күтіміне байланысты жәрдемақы жасатуға жүгіруі керек, баланы есепке қоюы керек. Бұрын осы қызметтерді алу үшін ата-аналар кемінде екі апта жұмсайтын, қаншама құжат жинайтын. Қазір проактивті әдістің арқасында ешқайда барудың қажеті жоқ. Қазір бұл қызметтің бәрін олар sms-хабарлама арқылы үйде отырып-ақ алады, – деп атап өтті ол.

Оның сөзінше, қазірге дейін бұл қызметтерді жаңа туған 104 мың нәрестенің ата-анасы алды.

– Сондай-ақ, мүгедектік тағайындау бойынша проактивті қызметті 500 адам алды. Заң жобасы аясында пилоттық режимде қызметтің 27 түрі 17 түрлі проактивті қызметпен қамтылады. Әлеуметтік саладағы зейнетақы, жәрдемақы тағайындау, балаларды мектепке тіркеу, тегін тамақ және тағы да көптеген мемлекеттік қызмет түрлері бойынша проактивті әдіс енгізу жоспарланған. Ең басты мақсат – азаматтардың жағдайын жақсарту, уақытын үнемдеп, өмір сапасын арттыру, – деді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.