07-06-24 |
10280 рет қаралған
Жаңбыр жауса болды Астана неге судың астында қалады? Әкімдік жауап берді.
Жаңбыр жауса болды Астана неге судың астында қалады? Әкімдік жауап берді

Астана қаласының әкімдігі жаңбырдан кейін қаланың кейбір жерін неліктен су басатынын түсіндірді.

Қала әкімдігінің мәліметінше, қазір елорданың нөсер кәріз жүйесі 18 тазарту құрылысынан және 1-ші жинақтаушы тоғаннан, 610,8 км нөсер, дренаж және арық-науа кәріз желісінің магистральдық коллекторларынан тұрады, олар аумағы 16,7 мың гектардан асатын жерүсті ағын суын бұруды қамтамасыз етеді.

«Жауын-шашынның мол жаууына байланысты бірқатар көшеде су жиналады. Қазіргі уақытта қала бойынша жаңбыр суын сору үшін 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Барлық коммуналдық қызмет жергілікті орындарда жұмыс істеп жатыр. «Elorda eco system» ұйымы жерүсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету мақсатында тиісті іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді: коллекторлар мен жаңбыр қабылдағыштарды тазарту, құбырларды булау және т.б. Сондай-ақ нөсерлі кәріз жүйелері мен тазарту құрылыстарын салу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр»,- делінген хабарламада.

Мәселен, 2019 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде қалада нөсер, дренаж және науа-арық кәріз желісінің магистральдық коллекторларының 400 км-ден астам желісі, 9 сорғы станциясы және 4 тазарту құрылысы салынды және реконструкцияланған.

2023 жылы нөсерлі кәріз жүйелерін салу бойынша үш жобаны іске асыру аяқталды, оның шеңберінде 10 км-ден астам магистральдық және таратушы нөсерлі кәріз коллекторлары салынды.

Биыл нөсерлі кәріздің 5 жобасы бойынша жұмыс жалғасуда, оның 3-еуін аяқтау жоспарланып отыр. Осы жобалар аясында 5 км-ден астам коллектор салынып, жаңа теміржол вокзалы аумағында тазарту құрылысының жұмысы аяқталады. Сондай-ақ нөсер кәрізі желілері мен құрылыстарының 8 объектісін жобалау жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта «Астана қаласында 2035 жылға дейін нөсерлі кәріз жүйесін дамыту» техникалық-экономикалық негіздемесі әзірлену үстінде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.