30-03-21 |
460 рет қаралған
Алматыда бір тәулікте 500-ден аса адам жұқпалы індет жұқтырды.
Алматыда бір тәулікте 500-ден аса адам жұқпалы індет жұқтырды

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтерді жария етті. Өткен тәулікте тағы 1445 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған. Олардың 545-і Алматыдан деп хабаралайды coronavirus2020.kz.

30 наурыздағы мәлімет бойынша,  24 180 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 8 130 пациент стационарда, 16 050 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

364 адамның жағдайы ауыр;

76 пациенттің жағдайы өте ауыр;

46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары және Батыс Қазақстан, Атырау облысы COVID-19 инфекциясының таралу көрсеткіші бойынша «қызыл» аймақта тұр.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы – 204

Алматы қаласы – 545

Шымкент қаласы – 13

Ақмола облысы – 45

Ақтөбе облысы – 73

Алматы облысы – 177

Атырау облысы – 63

Шығыс Қазақстан облысы – 22

Жамбыл облысы – 25

Батыс Қазақстан облысы – 76

Қарағанды облысы – 92

Қостанай облысы – 38

Қызылорда облысы – 9

Павлодар облысы – 30

Солтүстік Қазақстан облысы – 25

Түркістан облысы – 8.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 243 318-ге жетіп отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.