Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтерді жария етті. Өткен тәулікте тағы 1445 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған. Олардың 545-і Алматыдан деп хабаралайды coronavirus2020.kz.
30 наурыздағы мәлімет бойынша, 24 180 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 8 130 пациент стационарда, 16 050 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
364 адамның жағдайы ауыр;
76 пациенттің жағдайы өте ауыр;
46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары және Батыс Қазақстан, Атырау облысы COVID-19 инфекциясының таралу көрсеткіші бойынша «қызыл» аймақта тұр.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 204
Алматы қаласы – 545
Шымкент қаласы – 13
Ақмола облысы – 45
Ақтөбе облысы – 73
Алматы облысы – 177
Атырау облысы – 63
Шығыс Қазақстан облысы – 22
Жамбыл облысы – 25
Батыс Қазақстан облысы – 76
Қарағанды облысы – 92
Қостанай облысы – 38
Қызылорда облысы – 9
Павлодар облысы – 30
Солтүстік Қазақстан облысы – 25
Түркістан облысы – 8.
Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 243 318-ге жетіп отыр.