17-09-21 |
1780 рет қаралған
Нұр-Сұлтанда дәрігерлер жалған вакцина паспортын сатумен айналысқан.
Нұр-Сұлтанда дәрігерлер жалған вакцина паспортын  сатумен айналысқан

Нұр-Сұлтан полицейлері жалған вакцина паспорттарын сатумен айналысқан екі медицина қызметкері және олардың бірінің 44 жастағы күйеуі ұсталды.

Анықталғандай, медицина қызметкерлері соңғы үш ай бойы ақшаға жалған вакцинация жүргізген.

«Ақ халаттылар жалған құжат алғысы келгендерді таныстарының кеңесі бойынша қабылдаған. Медицина қызметкерлерінің бірінің күйеуі клиенттерді тауып, олармен сөйлесіп, ақысын алдын ала алып отырған. Медициналық мекемеге келген кезде адамдар жалған анықтама алу үшін құпия сөзді айтқан», – деді полициядағылар.

Медицина қызметкерлерінің өздері қылмыс жасағанын мойындады.

Ұсталғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабы «Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Олар төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ полицейлер бұл дәрігерлерден кімдер жалған вакцина паспортын сатып алғанын анықтап жатыр.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирусқа қарсы жалған вакцина паспортын сатып алғандарға рақымшылық жасалатыны хабарланды. Егер олар кінәсін мойындап, екпе салдырса, қылмысы үшін жазаланбайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.