фото: azh.kz
Қазақстанның 16 аймағында медицина қызметткерлері коронавирус инфекциясын жұқтырған. Мұны денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты.
«Республиканың 16 аймағында медицина қызметкерлері COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Ауырғандардың көбі Алматыда (54,4 %), Нұр-Сұлтанда (32,5 %), Шымкентте (16,0 %), Солтүстік Қазақстан облысында (50,0 %), Алматы облысында (28,8 %), Қарағанды облысында (27,5 %), Түркістан облысында (22,4 %) және Атырау облысында (18,5 %)» деп жазады вице-министр.
Бүгінде Қазақстан бойынша 820 медицина қызметкерлері коронавирусқа шалдыққан. Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының апта сайынғы есебіне қарағанда, әлемде 16 % медицина қызметкерлері инфекция жұқтырған.
Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова медицина қызметкерлерінің инфеция жұқтырғанын өкінішті жағдайға балап, оларды инфекциядан қорғаудың мүмкін болатын барлық шарасын жасап жатқандарын айтады.