28-04-20 |
670 рет қаралған
Қазақстанның 16 аймағында дәрігерлер коронавирус жұқтырған.
Қазақстанның 16 аймағында дәрігерлер коронавирус жұқтырған

фото: azh.kz

Қазақстанның 16 аймағында медицина қызметткерлері коронавирус инфекциясын жұқтырған. Мұны денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты.

«Республиканың 16 аймағында медицина қызметкерлері COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Ауырғандардың көбі Алматыда (54,4 %), Нұр-Сұлтанда (32,5 %), Шымкентте (16,0 %), Солтүстік Қазақстан облысында (50,0 %), Алматы облысында (28,8 %), Қарағанды облысында (27,5 %), Түркістан облысында (22,4 %) және Атырау облысында (18,5 %)» деп жазады вице-министр.

Бүгінде Қазақстан бойынша 820 медицина қызметкерлері коронавирусқа шалдыққан. Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының апта сайынғы есебіне қарағанда, әлемде 16 % медицина қызметкерлері инфекция жұқтырған.

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова медицина қызметкерлерінің инфеция жұқтырғанын өкінішті жағдайға балап, оларды инфекциядан қорғаудың мүмкін болатын барлық шарасын жасап жатқандарын айтады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.