Ақан Сатаев «Томирис» фильмінің қазақшасы көрсетілмей жатқанына кешірім сұрады.
Әлеуметтік желідегі жұрт наразылыған соң, кинорежиссер Ақан Сатаев «Томирис» тарихи фильмінің кинотеатрларда қазақша көрсетілмей жатқанына кешірім сұрап, алдағы екі-үш күнде фильм қазақ тілінде кинотеатрларға шығады деді. А.Сатаев фильмнің қазақ тілінде шықпауына титрда көрсетілетін шығармашылық топтың аты-жөнін латын әліпбиінде жазуда қателік кеткенімен түсіндіреді.
View this post on Instagram
Құрметті көрермен! Күні кеше #томирисфильм барлық кинотеатрлардан көрсетіле бастады. Көрермендер мен жуналисттердің қойылған басты сұрақтары – фильмнің қазаша дыбысталған нұсқасы бар ма? Сөзсіз,толығымен қазақ тілінде дыбысталған нұсқасы бар. Қазақ елі болғандықтан да, алдымен қазақша нұсқасын дыбыстаған едік! Еліміздің латын әліпбиіне көшуі ұлт үшін жасалған маңызды қадам. Фильмнің соңында жазылатын титрлер (түсіру тобы мен актерлық топтың аты-жөндері жазылатын бөлім) латын әліпбиіне аударылу барысында көптеген грамматикалық қателердің анықталуы және топ мүшелері мен актерлардың аты-жөндері құжаттарға сәйкес келмеуіне байланысты кешіктіріліп жатыр. Құқықтық тұрғыдан біз мұндай қателермен көрсетілімге жібере алмаймыз. Шұғыл түрде аталмыш мәселені шешу үстіндеміз. Бұны ақталу емес, сіздерге мән-жайды түсіндіру деп қабылдайтындарыңызға үміттенеміз. Фильмнің қазақша нұсқасы уақытылы дайын болмағанына, көрсетілімге кешігіп шығуына өкінішпен алдарыңызда кешірім сұраймыз. Екі-үш күнде бұл мәселе шешуін тауып, киномызды ана тілімізде еліміздің барлық кинотеатрларында көре алатындарыңызға сенім білдіреміз. ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ Друзья, вчера стартовал прокат #томирисфильм По многочисленным вопросам зрителей и журналистов – есть ли озвучивание на казахском языке? Безусловно, у нас есть полноценная версия на казахском языке, более того она у нас приоритетная. Но, в связи с выявленными грамматическими ошибками на латинице в финальных титрах – в фамилиях и именах, мы юридически не могли выпустить в прокат фильм в таком виде! Мы сейчас экстренно решаем возникшую проблему… Мы очень сожалеем о случившимся, и не ищем оправдания, но очень надеемся на Ваше понимание! Приносим свои глубочайшие извинения за несвоевременное предоставление казахской версии фильма! В ближайшие два-три дня этот вопрос будет решен и вы сможете посмотреть #томирисфильм на казахском языке во всех кинотеатрах нашей страны. ⠀ ⠀ #tomirisfilm #томирисфильм #жандану #qazaqfilm #sataifilm #поддержимКЗкино
A post shared by Akan Satayev (@akansatayev) on Sep 28, 2019 at 12:55am PDT