29-04-19 |
3620 рет қаралған
«Аруақ»: басты рөлде Асанәлі Әшімов.
«Аруақ»: басты рөлде Асанәлі Әшімов

Алматыда MEGA Alma-Ata СОО Chaplin Cinemas  кинотеатрының ашылуы аясында «Аруақ» көркем фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясы.

Фильмде басты ролді қазақ киносының мэтрі Асанәлі Әшімов сомдаған. Фильм мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Картинаның режиссері – Қуат Ахметов.

– Идея авторы Асанәлі Әшімов. 2014 жыл.  Елден шалғай тұратын қарт туралы фильм түсіруді ұсынды. Асанәлі ағаның ойы бойынша қария – дала философы, түрлі ғылымға қызығатын адам,  – деді Қуат Ахметов.

Картина екі кейіпкердің – Ағатай қарт пен жетім баланың кездейсоқ ұшырасуы  туралы баяндайды. Фильм 2018 жылы өндіріске жіберіліп, былтыр көктемде аяқталған. Түсірілімдер Алматы облысында, Іле өзені жағалауында өткен. Фильмнің сценарийін түркі елдерінің ертегілері мен аңыз-әңгімелері желісі бойынша Қуат Ахметов пен Одильша Агишев жазып шыққан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.