Қазақстанда Мұқағали Мақатаев туралы жаңа фильмнің түсірілімі басталды. Картинаның атауы — «Мұқағали». Бұл жаңалықты Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі растады.
Фильм Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілуде. Жобаның режиссері — елімізге танымал кинорежиссер Болат Қалымбетов.
«Бұл тек ақын туралы емес, адамның тағдыры туралы фильм», — дейді режиссер Қалымбетов.
Қайда түсіріледі?
Фильмнің алғашқы түсірілімі Өскемен қаласында басталды. Алдағы уақытта түсірілім Санкт-Петербург, Алматы және Алматы облысында жалғасады.
Фильм не туралы?
«Мұқағали» фильмі ақынның өмірінің соңғы жылдары туралы сыр шертеді. Көрермен Мұқағали Мақатаевты Жазушылар одағындағы тағдырлы кезеңнен бастап танымақ. Фильм ақынның ішкі күйзелісі, қоғаммен қарым-қатынасы мен шығармашылық жолын қамтиды.
