5 маусымда президент Тоқаев әлемдік танымалдылыққа ие, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, талантты актриса Самал Еслямованы қабылдады. Қабылдаудағы әңгіме кино жайлы болған. Мәселен, президент: «Отандық фильмдерде тарихымызды, мәдениетімізді дәріптеуге, жастардың бойында патриотизм сезімін қалыптастыруға, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға баса мән беру қажет » деген. Ал Самал Еслямова отандық өнер саласын дамытуға қатысты ұсыныстарын айтқан.
«Қазақфильм» киностудиясы былтырғы қыркүйек айынан бері басшысыз отыр. Ақан Сатаев киностудия басшылығынан былтыры күзде еткен. Оның үстіне Қосыбаев басқаратын «Ұлттық киноны қолдау» мемлекеттік орталығы биылғы конкурсты дұрыс ұйымдастыра алмай үлкен дауға қалды. Ал мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жас әрі мәдениет пен өнер саласының мың қатпарлы дүниесін жетік білмейтіндіктен де әлсіз болып тұр. Ұлттық орталықтан шыққан дау, «Қазақфильмнің» жылға жуық басшысыз отыруы кино саласының қараусыз қалғанын көрсетіп отыр. Не істеу керек?
Бізге жеткен ақпаратқа қарағанда, 8 маусымда мәдениет және спорт министрі «Қазақфильмге» жаңа басшыны апарып таныстырады. Ол кім екені әзірге белгісіз. Дегенмен, жаңа басшы – Самал Еслямова болуы да ғажап емес. Жаңа Қазақстанның бір жаңашылдығы – депутаттар корпусы жаңарды, жас жаңа министрліктерді басқаруға келді. Енді кезек мәдениет саласына да ойысады. Мұны уақыт талабы делік. Бірақ басқа, басқа «Қазақфильм» күрделі компания. Оны басқару мен бұрыннан келе жатқан проблемаларды реттеу де оңай болмайды.
Біздің ше, Самал Еслямова «Қазақфильмге» басшысы болып бара қалса, киногерлер тарапынан оған үлкен қолдау көрсетілуі тиіс. Сонда ғана адами келбеті жарқын, таланты мойындалған актриса өзін іскер басшы ретінде көрсете алады.
Ал егер «Қазақфильмге» Теменов, Жолжақсынов сынды адамдар келсе, онда «Қазақфильм» бұрынғы жолынан соншалықты ұзап кетпейді. Тіпті орта жастағы Рүстем Әбдірашев келсе, киностудияның жаңғыратынына күмән көп.
Айтпақшы, өткенде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар қылмыстық істерді тергеп жатыр» деген ақпарат шыққан. Ұлттық киноны қолдау орталығындағы дау толастамаған шақта мұндай хабардың шығуы тегін емес. Бұл мәдениет саласындағы былық Арыстанбек Мұхамедиұлымен ғана шектелмейтінін меңзеп тұр. Былтыры «Еуразия» кинофестивалінің өткізу мәселесіне қатысты да дау шыққан еді.
«Еуразия» кинофестивалі демекші, қазір ұлттық кино орталығын басқарып отырған Қосыбаев 1998-2001 жылдары осы кинофестивалдің бас директоры болған. Бұл кинофестивалді кімдер басқармады дейсіз, мәселен қазір «Еуразия» кинофестивалінің президенті Айман Мұсаходжаева, бас директоры Рашид Нұғманов.
Мәдениет саласына үлкен реформа керек екені осындай да байқалады. Мәдени реформа білген жанға реформаның ең негізгісі. Егер мәдениетте дұрыс реформа жасалмаса, тұтас буын өзге елдің мәдени боданына айналады.
«Кореядан басқа елге қызықпаймын»: Қазақ жастарын «Корей толқыны» қалай тартып жатыр?
Оның бір ғана көрініс – жастардың кәріс мәдениетіне деген зор қызығушылығы деуге болады. Ал біз «Қазақфильмге» 9 айдан бері басшы таба алмай отырмыз… біздіңше, президент мәдени реформа мәселесін мықтап ойлану керек-ақ.
arasha.kz
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024