Белгілі жазушы, кинодраматург Смағұл Елубай ұлттық киноны қолдау жайлы ашық хат жазды. Ашық хатта жазушы «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» былтырғы жұмысына тоқталып, былтыры іріктелген жобалар қаржыланбай қалғанын айтады.
«Ашық хатты жазу себебіміз қазақ киносында орын алған бір келеңсіздікке байланысты еді. Қазақ киносын қаржыландыру саласында орын алған келеңсіздікке байланысты еді. Соның салдарынан бүгінде қазақ киногерлері өзара қырғиқабақ, алтыбақан алауыз. Себебі. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік Орталығы 2021 жылы іріктеп алған киножобалар әртүрлі себептермен жыл аяғына дейін созылып қаржыланбай қалды. Яғни, 2021 жылы іріктеген фильмдер өндіріске кетпеді. Кешікті. Соның салдарынан 2021 жылы іріктелген киножобалар 2022 жылы іріктелетін жобалармен бірге қайта пикчинге түсетін болды. Бірақ, бұл біріктірілген 2 пикчинг бір жылдың қаржысын бөлісетін болды. Екі жылдың іріктеуі біріктірілгеннен кейін олардың қаржысы да екі есе көбеюі керек емес пе еді? Бірақ, олай болмады. Келеңсіздік деп отырғанымыз – осы», – деп жазады С.Елубай.
Кинодраматургтің айтуынша, бұл көптеген киногерлердің жұмыс жоспарына бұзған. Ал келеңсіздікті реттеу үкімет шұғыл шара жасау керек.
«1. Екі жылдық пикчинг биыл бір жылға біріктірілгендіктен оның қаржысы да екі есе болуы керек.
2. Кинорежиссура мамандығын жыл сайын елімізде екі ЖОО дайындайды. Бұл артық. Екі ЖОО жыл сайын емес, 2 жылда бір рет кинорежиссерлер тобын дайындаса да аз емес. Өйткені, кино қымбат өнер, оларды жұмыспен қамту қымбатқа түседі.
3. Солай, кино қымбат өнер. Бірақ, аудиториясы кең, қалың бұқаралық өзекті өнер. Қараңыз, жарты ғасыр бұрын түсірілген фильмдеріміздің өзі әлікүнге телеэкраннан түспей, ұлт болашағы үшін күнде күресіп келеді. Осы жағдайды халық болып күнде көріп отырып «кино өзін-өзі ақтамайды» деп айтуға, астапыралла, қалай ауызымыз барады. Ұлттық киносыз ұлт қалай қалыптаспақ? Ұлттық кино – ұлттық идеология. Ұлттық киносыз қалу – ұрпағымызды шетелдік киносының қанжығасына байлап беру болмақ! Ендеше, ұлттық кинодан қаржы үнемдеу, ұлттың өз қаражатын өзінен үнемдеу емес пе?! Ұлттық киноға салынған қаржы ұлттық рухты қалыптастыруға салынған қаржы емес пе?!
4. Ендеше, осынау мәдени- идеологиялық алдаспан өнерімізді қаржыдан қысу келеңсіздік емес пе? Бұл салаға жыл сайын бөлінетін қаржы, кемінде екі есе көбеюі керек деп білеміз.
5. Әрине, «жылтырағанның бәрің алтын емес». Мемлекет қаржысына түсіріліп жатқандардың бәрі бірдей көрермен көңілінен шыға бермейді. Ондай шалажансар фильмдер легін көбейтуге ешкім де мүдделі емес. Ендеше, бюджет иесі Үкімет өз мүддесін, яғни, ұлт мүддесін ойлай отырып жыл сайын, саналы түрде, ең болмағанда, бір киножобаға «мемлекеттік тапсырыс» беріп отыруы керек. Ұлттық маңызы бар ондай қымбат киножобаларға «мемлекеттік тапсырыс» мәртебесін беру ол – киножоба авторларына үлкен сенім мен жауапкершілік жүктейді. Сонда біздің Үкіметтің де, қазақ киносының да жүзі халық алдында жарқын болар еді», – деп сөзін түйіндейді Смағұл Елубай.
Орталықтың міндеті кинематография саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және отандық киноиндустрияны дамыту үшін жағдай жасау. Мемлекеттік қаржыландыруды ұсынатын бірыңғай оператор.
«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 2019 жылы құрылған. Орталық басшысы – Есетжан Қосыбаев. Орталықтың директорлар кеңесінің құрамында Мәдениет министрлігі, мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Әбдуәлиев, сенат депутаты Ғани Қасымов қатарлы адамдар бар.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024