Біз
әлеуметтік
желіде
05-06-25 |
380 рет қаралған
Желіде жаңа әдеби эстафета: Елге танымал тұлғалар сүйікті кітаптарымен бөлісуде.
Желіде жаңа әдеби эстафета: Елге танымал тұлғалар сүйікті кітаптарымен бөлісуде

Қазіргі таңда әлеуметтік желілер тек жаңалық пен көңіл көтеру ғана емес, мәдени-ағартушылық бастамалардың да кең таралу алаңына айналып отыр. Соның айқын бір дәлелі – ақын Қалқаман Сарин бастаған «Әдеби эстафета» жобасы.

Ақын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сүйікті кітаптарының тізімін жариялап, барша жұртты осы үрдіске қосылуға шақырды. Бұл игі бастама қоғамда үлкен қолдау тауып, елімізге танымал тұлғалардың да қызығушылығын оятты.

Эстафетаға белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев, актер Бекжан Тұрыс, тележүргізуші Динара Сәтжан, өнер қайраткерлері Саят Медеуов, Сәкен Майғазы, Бекжан Әшірбаев, Нұркен Өтеуіл, Бауыржан Халиолла, Қанат Тілеухан, кәсіпкер Сырымбек Тау және басқа да зиялы қауым өкілдері үн қосып, өздерінің рухани азық алған сүйікті кітаптарын жариялады.

Бұл жоба қазіргі жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, оқырман қауымның кітап таңдауына бағыт беретін маңызды қадам болып отыр. Әсіресе, танымал тұлғалардың ұсынған кітаптары жұртшылық арасында үлкен қызығушылық тудырып, әлеуметтік желіде қызу пікірталасқа ұласты.

Эстафетаға қалай қатысуға болады?

Жобаға кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады. Ол үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы арнайы сауалнаманы толтырып, өзінің ең жақсы көретін 10 шығармасын енгізсе жеткілікті. Бұл тізімдер кейін жинақталып, еліміздегі ең көп оқылатын кітаптардың жалпыұлттық рейтингі жасалады деп күтілуде.

Қалқаман Сарин бастаған бұл әдеби эстафета – ұлт руханиятына, кітап оқуға бетбұрыс жасататын серпінді қадам. Әлеуметтік желі арқылы кең таралған бұл жобаның негізгі мақсаты – жастар мен ересектер арасында кітап оқу мәдениетін жаңғырту, қазақ және әлем әдебиетінің таңдаулы туындыларын насихаттау.

Жаңа ғасырда әдебиет пен технология қатар жүре алатынын дәлелдейтін бұл жоба ел ішінде кеңінен қолдау тауып, рухани серпіліс береді деп сенеміз.

Эстафетаға қатысушылар:

1.         М.Бесбаев https://www.instagram.com/p/DKRtcVloV5x/?igsh=MWhxM2gwaW80OXp1bQ%3D%3D

2.         Сәкен Майғазы https://www.instagram.com/p/DKc6XwUiEz-/?igsh=MWpocmx0Z3ZjMmJnbg==

3.         Саят Медеуов https://www.instagram.com/reel/DKSaaCOCNPz/?igsh=ZWQ5bGNqdHlhcTRh

4.         Динара Сәтжан https://www.instagram.com/reel/DKZBC-vMA09/?igsh=M3ozc2w1NHB4OXo2

5.         Бекжан Тұрыс https://www.instagram.com/p/DKZNHV_NwNs/?igsh=MWUwbW95NTBxd255OQ==

6.         Нұркен Өтеуіл https://www.instagram.com/reel/DKSaaCOCNPz/?igsh=ZWQ5bGNqdHlhcTRh

7.         Талант Арғынғали https://www.instagram.com/p/DKTmTEuMePQ/?igsh=MTRnbHk0cjBlc2szdg==

8.         Сырымбек Тау https://www.instagram.com/reel/DKU8IWPIZCb/?igsh=MXFmbzB1YnVzNmF1Zg==

9.         Бауыржан Халиолла https://www.instagram.com/p/DKSbIVXswdT/?igsh=MW90OTQ3OHIzbDdlbA==

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.