24-03-23 |
3800 рет қаралған
Сайлауда жеңіске жеткен Стамбеков лас ойынды тоқтатып, жеңілісті мойындауға шақырды.
Сайлауда жеңіске жеткен Стамбеков лас ойынды тоқтатып, жеңілісті мойындауға шақырды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Стамбеков сайлауда жеңіліс тапқан депутаттыққа үміткер Санжар Боқаевтың тіл тигізгенін айтып, қорлады деп шағымданып бейнеүндеу жасады. Айтуынша, қазір оған жалған сөз, жала жабу, қорлау сипатындағы негізсіз сөздер таңылған. Мақсаты белгілі, сайлау нәтижелеріне күмән келтіру, жеңісін жоққа шығару.

«Бұл күндері маған қарапайым азаматтар, сайлауда маған дауыс берген менің сайлаушыларым үндемей қалмауды және осы өтірік пен фактілердің ашық бұрмалануына жауап беруді сұрайды. Өкінішке қарай, сенімді адамдарым барлық учаскеде болғанына қарамастан (ал Боқаевтың еш жерде болмаған сенімді адамдарынан айырмашылығы), менің штабым барлық хаттаманы алған жоқ. Тіпті қолымдағы барларының өзі менің таза жеңісімді дәлелдейді», – деді Стамбеков.

Стамбеков 1999 және 2004 жылдары бір мандатты округтен сайлауға қатысқан, тәжірибелі адам ретінде әліптің артын бағуға, нәтижемен келіспейтіндерге ойын айтуға, хаттамаларды тексеруге және жеңілісті мойындауға мүмкіндік бергенін айтты. Сөз соңында қасиетті Рамазан айында қарсыласына нағыз ер адамға тән емес, лас ойынды тоқтатып, жеңілісті мойындауға шақырды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.