25-12-18 |
33890 рет қаралған
Тұрсынбек Қабатов Қазақ тілін шұбарламай сөйлесін! Әйтпесе эфирге шықпасын!.
Тұрсынбек Қабатов Қазақ тілін шұбарламай сөйлесін! Әйтпесе эфирге шықпасын!

Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы, көрнекті ақын Ұлықбек Есдәулет өзінің facebook парақшасына «Қазақстан» ұлттық арнасының басқарма төрағасы Ерлан Қаринге базына айтты. Ақын ұлттық арна басшысынан сқақшы Тұрсынбек Қабатовқа «Орысша сөз араластырмай, қазақ тілін шұбарламай сөйле! Әйтпесе эфирге шықпайсың!» деп талап қоюын сұраған.

«Ұлттық арна басшысына базына

Құрметті Ерлан Тынымбайұлы бауырым!

Құдай үшін, қылжақбас Қабатовқа: «Орысша сөз араластырмай, қазақ тілін шұбарламай сөйле! Әйтпесе эфирге шықпайсың!» деп талап қоюыңды сұраймын! Тілімізді бөтен сөзбен былғауын тоқтатсын. Шүлдірлемей, қойыртпақтамай сөйлесін. Ұлттық арнаны әркімнің ойланбай сөйлеп, жұртты күлдіргеннің жөні осы екен деп, өзге тілді оңды-солды безей беретін, қазақшаны белден басып, ойына келгенді айта беретін орынға айналдыруға болмайды. Тілдің қасиеті мен саxнаның киесі бар екенін естен шығармасын. Эфирге шығады екен – ана тілімізді құрметтеуі керек! Тіпті эстраданың еңіреген жұлдызы болса да! Тілі енді шыққандарды қойып, мектеп жасындағы ұрпақтардан ұят! Тіл тазалығына әр өнер адамы жауапты. Егер оның әзіл-қалжыңынсыз Ұлттық арна күн көре алмайтын болса, жаттайтын мәтінін таза қазақ тіліне көшіріп беретін сауатты редактор бөлгендерің дұрыс.
Жақында Тұрсынбек ініміз көшедегі жарнамалардың тілі мен аудармасын өлтіре сынады. Айызым қанып, риза болып көрдім! Тақырыбын тапқан екен деп қуандым. Енді көшемен қатар өзінің тілін де түзегені жөн болар еді», – деп жазады Ұлықбек Есдәулет.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.