02-07-21 |
1570 рет қаралған
«Бұл сенің елің, келсеңші»: Назарбаев Тоқаевты Ресейден қалай шақырғанын айтты.
«Бұл сенің елің, келсеңші»: Назарбаев Тоқаевты Ресейден қалай шақырғанын айтты

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен таныстығы туралы айтты. Бұл туралы  Sputnik Қазақстан жазды. 

Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес Одағы кезінде дипломат қызметіне Қазақстанның атынан өкілдік ете алатын кандидат іздегенін атап өтті. Ол 1991-1992 жылдары Қазақ КСР-нің КСРО-дағы өкілетті өкілі Қанат Саудабаев болғанын еске түсірді. Алайда ол мұндай қызметке қажет шетел тілдерін білмеген.

«Ол (Михаил Горбачев) оны тағайындады, алайда барып үлгермеді, Горбачев келгеннен кейін Кеңес Одағы ыдырады. Сол жолы алғаш рет қазақты дипломатиялық қызметке ұсындым деуге болады. Осыдан кейін Саудабаев елші, дипломат болып жұмыс істеді», – деді Назарбаев «Штрихи к портрету» деректі фильмінің төртінші бөлімінде.

Қанат Саудабаев 1992-1994 жылдар аралығында Қазақстанның Түркиядағы елшісі болды.

«Ол кезде көпті көрген адамдарды жіберу керек болды. Тіл білмесе, аудармашы бар,  әкімдерді, министрлерді жібердік.  Сол тұста мен Тоқаевты Мәскеуден шақырдым.

Алғаш рет Бейжіңде көрдім, оны есімде сақтап қалып, байланыс орнаттым. Содан кейін, өзіміздің жеке сыртқы істер министрлігімізді құрған кезде оған бірден министр болып жұмыс істеу қиын болды – тәжірибесіз еді, Қазақстанды білуі керек еді.

Мен оны Мәскеуден сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне шақырдым. Ол бірнеше күн бойы ойланды, мен: «Бұл сенің елің, сен осында дүниеге келдің, алматылықсың ғой, келсеңші» дедім.  Ол Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын тәмамдады, жағдай осылай болды», – деді Назарбаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1993-1994 жылдары сыртқы істер министрінің орынбасары болды. Осыдан кейін ол бес жыл сыртқы істер министрлігін басқарды. Тоқаев бұл қызметке 2003 жылы қайта оралды. Сонымен қатар әр жылдары премьер-министрдің орынбасары және парламент сенатының төрағасы болды. 2019 жылы ол Қазақстан президенті болып сайланды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.