Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында жайылымдық жер мәселесін шеше алмай отырған әкімдіктердің жұмысы сыналды. Сенат депутаты ауыл әкімдері жерді өзі бөліп, оны өзі бақылайтынына қарсы шықты.
Бүгін елордада Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтіп жатыр.
«Елімізде жер ресурстарын жүйелі бақылауды қамтамасыз ету үшін, біз мемлекеттік жер инспекциясының вертикалын қалпына келтіре алмадық. Сондай-ақ, Жер ресурстарын басқару комитетінде тек 38 адамнан тұратын орталық аппараты бар.
Аймақтық жер инспекциялары жергілікті атқарушы органдарға берілген. Сонда аудан әкімі жерді өзі бөледі, өзі оны бақылайды, бұл дұрыс емес. Әкімдіктер ауылдық елді-мекендерді жайылымдармен қамтамасыз ету мәселесін соңына дейін шеше алмады. Жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметінше, қазір ауылдың малын жаюға 32 млн гектардан астам жайылым жетіспейді.
Бұл Үкіметтің қарауына 2016 жылы жер комиссиясы шығарған мәселелердің бір бөлігі ғана, олар әлі күнге дейін түпкілікті шешімін таппады», – деді ҚР Парламент Сенаты депутаты Ақылбек Күрішбаев.
Сенатордың сөзінше, 2016 жылы құрылған мемлекеттік жер комиссиясында қаралған жер қатынастарын жетілдіру жөніндегі негізгі ұсыныстардың бір бөлігі әлі күнге дейін орындалмай келеді.
Айта кетейік, елордада Жер реформасы жөніндегі комиссияның 1-ші отырысы өтіп жатыр. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық еткен комиссия құрамы 80 адамнан тұрады. Оның 60 пайызы азаматтық оғам өкілдері және тәуелсіз сарапшылар.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024