«Ақ жол» партиясының депутаты Андрей Линник Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловты мемлекет ақшасын түгендеуге шақырды.
Депутат Андрей Линник Үкіметке мемлекет шығындарын қайта қарауды ұсынып, елді қарызға батырмауды сұрады.
«Елордада мемлекеттік-жеке серіктестік аясында жаңа мектеп салуға жоба дайындалып жатыр. Мердігер компания бір мектептің құнын 7,5 миллиард теңгеге бағалаған. Негізі қарапайым мектеп салу мемлекетке 1,5-2 миллиард теңгеге шығады. Жалпы алғанда, осындай 20 мектеп 30-40 миллиардтың орнына 150 миллиардқа жоспарланған. Бұл жерде салық төлеушілердің қалтасынан 110-120 миллиард теңгені артық төлейтінін көруге болады. Бұл жалған «инвестиция» ма? Елордаға басқа біреудің несиесін бірнеше жылға 4 есе қымбат төлегеннен гөрі осы мектептерді 30-40 миллиардқа салу тиімді емес пе? Ал үнемделген 110-120 миллиард теңгені ақылмен пайдалануға болады»,-дейді депутат Андрей Линник.
«Ақ жол» фракциясының депутаты шенеуніктерді сыртқы қарыздарды өте күмәнді мақсаттарға пайдаланады деп айыптады. Және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәселеге араласуын сұрады.
«Мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде сыртқы қарыз алу тәсілдерін қайта қарау керек. Тарифтің тұрақтылығы ескерілсін. Және қарызды өтеу Қазақстан азаматтарына жүктелмеу керек»,-деді депутат.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024