13-09-21 |
2590 рет қаралған
Есік қаласынан екі қабатты оба табылды.
Есік қаласынан екі қабатты оба табылды

Алтын адам табылған Есік қаласының маңайында археологтар әлі де зерттеу жүргізуде. Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің ғылыми қызметкерлері қазба жұмыстары барысында қола дәуірінің екі қабатты обасын тапты. Қазақстан ұлттық арнасы  оқиға орнына барды.

 

Аға ғылыми қызметкер Хамит Амантайұлы екі қабатты моланы Өрікті ауылының маңындағы үлкен қорымнан таупты. Шамамен қола дәуіріне жатқызып отыр. Екі аяғын бүгіп жатқан бір адамның қаңқасының аяғының төменгі жағынан тастан қаланған шеңберге кезіккен. Оны қазғанда ішінде жатқан тағы бір адам сүйегіне тап болған. Жерлеу рәсімін қола дәуірінің мәдениетіне жатқызып отыр.

Қола дәуіріне де өзіне тән қыш ыдыстарының фрагменттері, сондай-ақ тастан жасалған пышақ бар. Оның бір шеті сынған. Ол кездегі наным-сенім бойынша жалпы сынған нәрсі, сынды деген нәрсе өлді дегенмен бірдей болып, өлген адаммен бірге қойылатын атрибут есебінде пайдаланған”, – дейді Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің аға ғылыми қызметкері Хамит Амантайұлы.

Музей зерттеушілері осы маңайда неолит, темір дәуірлерінде де адамдар өмір сүрген дейді. Табылған артефактілер зертханада дәлелденсе 40-45 мың жылдық қоныстардың куәсі болатынын айтады. Ал қорық-музейдің өзінде де жаңалық жоқ емес. Жылқының қазақ даласында қолға үйретілгенін алға тартып, Еңбекшіқазақ ауданы маңынан жылқы малына қатысы бар дүниелерді жұрт назарына ұсынып отыр.

Олар бұйымдардың көбі ерте темір дәуірінен орта ғасырға дейін келеді. Мысалы келушілерге ерте темір дәуіріндегі ауыздықтардың қандай болғанын, шыңғаларымыздың, үзеңгілердің қандай болғанын осы көрме арқылы тамашай алады”, – дейді Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі директорының орынбасары Досым Зікірия.

Қазір мұндағы ғалымдар Мәдениет және спорт министрлігінің «Ғылыми қолданбалы зерттеу» бюджеттік бағдарламасының екі жобасын қолға алған. Өрікті шатқалында зерттеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.