27-04-21 |
1750 рет қаралған
Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысы үшін тағы 700 млн доллар беріледі.
Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысы үшін тағы 700 млн доллар беріледі

Еліміздегі LRT жобасының құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау 2022 жылдың соңына жоспарланып отыр. Ол үшін биыл 700 млн доллар көлеміне қаржы бөлінуі қажет.

«Егер жобаны2021 жылы қаржыландыратын болса, биыл эстакадалық көпірдің темірбетон құрылымдарын монтаждау, жерасты жаяу жүргіншілер өткелдеріне рамалар орнату, Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің металл құрылымдарын монтаждауды аяқтау жоспарланып отыр», – деп хабарлайды CTS көлік компаниясы

Сонымен қатар, жоспарға депоның трассалық дамуын жүзеге асыру, эстакадалық магистральді, теміржол және темірбетон құрылымдарын салу бойынша жұмыстарды жүргізіледі. Байланыс, сигнал беру, электр технологиялық жабдықтар беріледі.

«2021 жылы 700 млн долларға дейінгі көлемде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр», – деп хабарлады компания.

Жобаның күнтізбелік кестесі мердігермен алдын ала анықталған. Онда 2022 жылдың аяғында құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтауды көзделген.

«Жабдықтар мен жүйелерді сынақтан өткізіп, 2023 жылдың шілдесінде желіні пилоттық пайдалану аяқталғаннан кейін желіні коммерциялық пайдалануға беру жоспарланып отыр», – деп хабарлады CTS.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.