16-07-21 |
3270 рет қаралған
Қазақстанда қой етінің бағасы шарықтап кетті.
Қазақстанда қой етінің бағасы шарықтап кетті

Қазақстанда ет бағасы бір жыл ішінде 14% -ға қымбаттады.  Мамандар бұған республика өңірлерінен мал экспорттау себебін атайды.

Energyprom.kz-тің зерттеуіне сәйкес, маусым айында еліміздегі базарлар мен дүкендерде қой еті килограмы 2,3 мың теңгеден сатылды және бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,4% -ға қымбат.

Еліміздің ірі қалалары мен мегаполистерінің арасында ең жоғары бағалар Алматы мен Нұр-Сұлтанда байқалды: килограммына 2,9 мың теңге сонымен бірге Қарағандыда килограммына 2,6 мың теңге. Ал ең арзан бағалар килограмына 1,7 мың теңгемен Орал мен Петропавл қалаларында анықталды.

Бір жыл ішінде қой бағасының ең үлкен өсімі Алматыда (22,6%), Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында байқалған.

2021 жылдың қаңтар-маусым айларында 131,8 мың тонна тірідей салмақта және еттей салмағы бойынша 65,7 мың тонна қой сойылған.

Сонымен қатар, алты айда Қазақстан 35,5 мың тонна қой жүнін алған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2% артық көрсеткіш. Олардың жартысынан көбі үй шаруашылықтарында – 19,9 мың тонна, үштен бірінен көбі – жеке кәсіпорындарда және жеке қосалқы шаруашылықтарда – 14,1 мың тонна, ауылшаруашылық кәсіпорындарында – 1,5 мың тонна жүн өндірілген.

Қазақстандағы қой шаруашылығы 2021 жылдың шілдесіне дейінгі есеп бойынша елімізде 22,9 миллион қой басы бар. Оның 11,8 миллионы үй шаруашылығына, 9,9 миллионы жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарына, 1,2 миллионы ауылшаруашылық кәсіпорындарына тиесілі. 

Ең көп қой басы Түркістан облысында- 5,5 млн бас, Алматыда – 4,3 млн және Жамбылда саналған – 3,4 млн. 

Айта кетсек, елге ұсақ малдардың асыл тұқымды басын экспорттауға тыйым салынды. Үкімет мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірге Қазақстанның қой өсірушілерінің ұлттық қауымдастығының төрағасы Садырбаевтың ұсақ басты малдарды экспорттауға толық тыйым салу туралы ұсынысын қарастыруда. Олар ел ішіндегі қой етінің қымбаттауының негізгі себебі ретінде мал экспортын көрсетіп отыр.    

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.