Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев алдағы уақытта таза қазақ тілінде сөйлейтінін айтып, тағы да уәде берді.
«Мен қазір қазақ тілін үйренудемін. Күніне бір жарым сағатымды қазақ тілін үйренуге арнаймын. Алдағы уақытта таза қазақша сөйлейтін боламын деп айта аламын. Министрлікте маған қазақ тілінде сабақ беріп жүрген қызметкерім бар. Айтып отығаным, ведомстводағы аудармашылар. Олар өз ісінің мамандары. Өзіндік қалыптасқан әдіс-тәсілдері бар. Міне, қазақ тілін осы кісілердің көмегімен үйреніп жүрмін», – дейді Ерғалиев.
Жас шенеунік министрлікке қалай келгенін де жасырған жоқ.
«Мен Қазақстан тарихындағы ең жас министр емеспін. Бұған дейін де менен де жас министрлер үкіметте болған. Мен қазіргі министрлер кабинетіндегі ең жасымын. Министр болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ол үшін бар күшіңді, тәжірибеңді салып, өз салаңа пайдаңды тигізе алуың қажет. Министр болу үшін күні-түні талмай еңбек ете білу керек», – деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін ұлттық экономика министрі депутат сауалына орыс тілінде жауап бергені үшін сөз естіген еді.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024