05-12-17 |
4760 рет қаралған
УСАМА БЕН ЛАДЕНГЕ ҚАТЫСТЫ 470 МЫҢ ҚҰПИЯ ҚҰЖАТ ЖАРИЯЛАНДЫ.
УСАМА БЕН ЛАДЕНГЕ ҚАТЫСТЫ 470 МЫҢ ҚҰПИЯ ҚҰЖАТ ЖАРИЯЛАНДЫ

АҚШ Орталық барлау басқармасы (ОББ) Усама Бен Ладенмен байланысы 470 мың құжатты жариялады, оның ішінде бас терроршының жеке күнделігі де бар, деп жазады Zakon.kz.

Құжаттар 2011 жылдың мамыр айында алынған. Күнделікте қаза болардан бұрын террористің не істегені туралы жазбалары бар. ОББ сондай-ақ, әртүрлі мәтіндік файлдар, аудио-видео жазбалар және бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған жүйелік файлдарды жариялады.

Құжаттар арасында бен Ладеннің ұлы Хамзаның суреттері, «№1-террористің» бейнеүндеулері мен «әл-Каида» халықаралық террористік ұйымының «жиһадтық үндеулері» де бар.

2011 жылдың 2 мамыр күні Пәкістанның Абботабад қаласында америкалық арнайы жасақтың құпия әскери операциясы нәтижесінде соңғы бірнеше жыл бойы жасырынған Усама бен Ладеннің көзін жойған болатын. Оның денесі теңізге жерленген

muslim.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.