19-11-18 |
1790 рет қаралған
Алматыдағы №1 тергеу абақтысы жабылды.
Алматыда Сейфуллин даңғылының бойында орналасқан ЛА-155/1 тергеу абақтысы жабылды. Қалалық прокуратураның хабарлауынша, бұл абақтыдағы тұтқындар ЛА-155/18 мекемесіне ауыстырылды. Прокуратура 1930-жылдары салынған абақты қазіргі талаптарға сай келмейтінін және қала орталығындағы тұрғындарға қолайсыздық тудырғанын айтады.

ЛА-155/18 мекемесінде тұтқындарды тергеу амалдарына апару жайы ретке келтірілген. Енді тергеушілер тұтқындарды тікелей мекемеге алып бара алады.

Алматыда ЛА-155/1 абақтысының бұзылып, тұтқындары басқа жаққа көшірілетіні туралы 2016 жылы айтыла бастаған. Қаланың бас жоспары бойынша, ескі тергеу абақтысы орнына тұрғын үйлер салу көзделген.

Оқи отырыңыз: Тұтқындарды Алматы орталығынан қала шетіне көшірмек

Бұл абақтыда отырып шыққан құқық қорғаушылар «ескі тергеу абақтысының адамға лық толы камераларына қамаудың өзі тұтқындардың құқығын бұзу» деп санайды.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.