07-10-18 |
940 рет қаралған
Аргентинада жасөспірімдердің жазғы олимпиадасы басталды.
Аргентина астанасы Буэнес-Айресте Жасөспірімдер арасындағы жазғы олимпиада ойындарының ашылу салтанаты болды. Ойындардың ашылуы стадионда емес, қала орталығындағы Республика алаңында өтті. 

Қазақстан туын бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы, жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері 18 жастағы Дамир Тойбай ұстап шықты. Биылғы жазғы олимпиадаға Қазақстан 41 жолдама иеленді. Олар жүзу, бокс, күрес, дзюдо, баскетбол, суға секіру, триатлон, гимнастика, теннис, жеңіл атлетика, каратэ, таэквондо сында спорт түрлерінен медальға таласады. 

Буэнес-Айрестегі жасөспірімдер олимпиадасына 206 елден 4012 спортшы қатысады. 

18 жасқа дейінгі спортшылар қатысатын Жасөспірімдер олимпиадасы 2010 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Алғашқы олимпиада Сингапурде өтіп, Қазақстан 2 алтын, 2 күміс, 2 қоламен жалпы есепте 24-орын алған. 2014 жылы Қытайдың Нанкин қаласындағы Жасөспірімдер олимпиадасында Қазақстан 3 алтын, 1 күміс, 4 қоламен 21-орынды иеленген. 

Аргентинадағы олимпиада 18 қазанда аяқталады. 

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.