09-12-18 |
2690 рет қаралған
Арменияда кезектен тыс парламент сайлауы өтіп жатыр.
Арменияда кезектен тыс парламент сайлауы өтіп жатыр

Бүгін Армения азаматтары кезектен тыс парламент сайлауына дауыс беріп жатыр. Саяси бәсекеге тоғыз партия мен екі блок түскен. Сайлауға қатысып жатқан саяси күштердің сайлау тізіміне барлығы 1444 кандидат енізілген. Армения заңына сәйкес, парламентке өту үшін партиялар 5 пайыздық, ал блоктар – 7 пайыздық межені еңсеруі тиіс.

Армения Орталық сайлау комиссиясы дауыс берген сайлаушы саны туралы мәліметті әр үш сағат сайын жариялап отырады, ал дүйсенбіге қараған түні сайлауды қорытындылайтын болады деп мәлімдеді бүгін таңертең ОСК төрағасы Тигран Мукучян деп хабарлайды Азаттықтың Армян қызметі (Азатутюн).

Мукучянның айтуынша, бұл жолғы Армения Ұлттық жиналысының (парламент) кезектен тыс сайлауына дауыс беруге құқылы сайлаушылар тізіміне 2 592 486 азамат енгізілген. Электронды дауыс беру нәтижесі бүгін кешке Армения аумағында дауыс беру аяқталған соң белгілі болмақ.

Армениядағы 2010 сайлау учаскесінің барлығында бүгін дауыс беру заңмен белгіленген тәртіп бойынша және көрсетілген мерзімде басталған. Сайлаудың барысын 8 халықаралық және шетелдік ұйымдардан 505 халықаралық бақылаушы, сонымен бірге 22 жергілікті қоғамдық ұйымдардың атынан 17813 жергілікті бақылаушы қадағалайды. 77 шетелдік азаматқа дауыс беру процесі барысын мейман ретінде бақылауға рұқсат берілген.

Сайлау барысы жайлы хабар тарату үшін жергілікті 70 БАҚ-тан 1200 журналист және 31 шетелдік ақпарат құралдарының 80-ге жуық өкілі аккредитациядан өткен.

Дереккөз: Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.