arasha.kz

Банкке қарыз қазақстандықтар енді несие алмайды

Қасым-Жомарт Тоқаев бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі  бойынша заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда сайты. 

Қабылданған заңға сәйкес, басында несиесі бар қазақстандықтар қайта қарыз ала алмайды. Сондай-ақ Несие бюросына берілген қарыз жайлы ақпаратты жеткізу уақыты 15 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін қысқарады. Микрокредит бойынша сыйақының шекті мөлшері мен айыппұл көлемі шектеледі. 

Мұндай қадам қазақстандықтардың несиелік жүктемесін азайту үшін жасалынып отыр. 

Exit mobile version