14-07-22 |
540 рет қаралған
Банкке қарыз қазақстандықтар енді несие алмайды.
Банкке қарыз қазақстандықтар енді несие алмайды

Қасым-Жомарт Тоқаев бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі  бойынша заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда сайты. 

Қабылданған заңға сәйкес, басында несиесі бар қазақстандықтар қайта қарыз ала алмайды. Сондай-ақ Несие бюросына берілген қарыз жайлы ақпаратты жеткізу уақыты 15 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін қысқарады. Микрокредит бойынша сыйақының шекті мөлшері мен айыппұл көлемі шектеледі. 

Мұндай қадам қазақстандықтардың несиелік жүктемесін азайту үшін жасалынып отыр. 

  • «Микрокредиттік ұйымдарға қарыз азаматтардың жүктемесін қысқарту үшін микрокредит бойынша артық төлемді екі есеге – микронесие сомасынан 100-ден 50 пайызға қысқарту ұсынылады», – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова. 
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.