28-12-19 |
570 рет қаралған
Bek Air жұмысы белгісіз уақытқа тоқтатылды – комитет.
Bek Air жұмысы белгісіз уақытқа тоқтатылды – комитет

Bek Air әуе компаниясына берілген сертификат және ұшу жарамдылығы туралы рұқсат қауіпсіздік мәселелері толық шешілгенше белгісіз уақытқа тоқтатылды. Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады.

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Bek Air авиакомпаниясының пайдаланушы және ұшу жарамдылығы сертификатын қолданылуын тоқтатты

Әуе апатына ұшыраған әуе кемесінің ұшу жарамдылығы куәлігі 2019 жылдың мамырында берілген болатын. Fokker-100 борты 1996 жылдың сәуір айында шығарылған. Қазақстандық регистрда 2016 жылғы 26 тамызда тіркелді (куәлік нөмірі 940).
Bek Air әуекомпаниясында барлығы 10 ұшақ тіркелген. Қазіргі уақытта Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Bek Air әуе компаниясының пайдаланушы және ұшу жарамдылығы сертификаттарының қолданылуын тоқтатты. Bek Air компаниясының пайдаланушы сертификаты ұшу қауіпсіздігі бойынша барлық мәселелер толық шешілгенге дейінгі мерзімге тоқтатылды» делінген комитет таратқан ақпаратта.

27 желтоқсанда Алматыда Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапты. Бүгін елде жалпыұлттық аза тұту күні өтіп жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.