15-03-21 |
530 рет қаралған
Елімізде үш күнде ауа райы жылынады.
Елімізде үш күнде ауа райы жылынады

16-18 наурыз аралығында еліміздің барлық өңірінде күн жылынады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

«Биіктік ағымның батыстан шығысқа қарай жылжуымен бүкіл Қазақстан бойынша ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Сол сияқты, антициклонның әсерінен елдің басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады », – делінген дүйсенбі күні таратылған хабарламада.

Аптаның басында республиканың шығысында, содан кейін республиканың батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.