23-11-18 |
4280 рет қаралған
Мұхтар Тайжан: Тәуелсіздігімізге қауіпті нәрселер бар екенін мойындады.
Экономист, қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан осыған дейін өзінің facebook парақшасында Ресейдің Санкт-Петебор қаласында өтетін еуразиялық экономикалық одағы саммитінде қаралатын құжаттар ішінде ел тәуелсіздігіне қауіп төндіретін дүниелер бар екенін айтып, дабыл қаққан еді. Ол бүгін facebook парақшасында өзімен үкімет атынан ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғарин кездесіп, жоғарыда дабыл қағылған мәселелер жөнінде әңгімелескенін жария етті.
«Құрметті достар, бүгін Үкімет атынан менмен Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мырза кездесті. Кездесу Астанадағы Ұлттық кітапханада өтті.
Үкімет ЕАЭС туралы бәріміздің пікірімізді оқып С-Петербугтағы саммитіне дайындаған құжаттарды мұқият зерттеп шықты. Тәуелсіздігімізге қауіпті нәрселер бар екенін мойындады. Сондай-ақ экономикаға қатысы жоқ нормаларды барлық құжаттардан шығарып тастады. Бүгін-ертең сол құжаттарды маған көрсетеді, ал мен Сіздерге көрсетем.
Үкімет баршаңызға патриоттік сезім білдіргеніңіз үшін алғыс білдіріп отыр. Ал мен Үкіметтің қатарында қазақ патриоттары бар екеніне ризашылығымды білдірдім«, – деп жазады М.Тайжан.
Соңғы мақалалар.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
МІНБЕР.
ӨЗГЕ ДЕ МАҚАЛАЛАР.