Біз
әлеуметтік
желіде
05-06-25 |
780 рет қаралған
Шерзат ісі: Үкім оқылғаннан кейін сот залында жанжал шықты.
Шерзат ісі: Үкім оқылғаннан кейін сот залында жанжал шықты

Судья Ержан Жанұзақов Шерзат Полатты өлтіргені үшін тек басты күдікті — Абзал Шынасылға ғана үкім шыққанының себебін түсіндірді.

Пышақ жарақаты біреу ғана болған, оны бір адам салған.

«Бұрын да айтқанымдай, өлімге себеп болған пышақ жарақаты жалғыз, оны Шынасыл салған. Сондықтан, ол кісі өлтірді деп танылды», — деді судья.

Сонымен қатар, Жанұзақов прокурорларға төрт куәгерге — Дана Жақсыгелді, Эльмира Нұрбекова, сондай-ақ Қазакенова мен Рузбаковаға назар аударуды ұсынды. Алғашқы екеуіне қатысты жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев оларды жауапкершілікке тарту туралы өтініш түсірген болатын, бірақ судья бұл өтінішті қанағаттандырмаған.

Судьяның шешімімен тек жәбірленуші тарап қана емес, айыпталушы жақ та келіспеді. Сотталушылар қоршаудың шынысын ұрып, бүкіл залды дүр сілкіндірді.

Сот ғимараты маңында да жағдай ушығып тұр. Адамдар ашулы, айқайлап, боқтап жатыр.

Процеске қатысушылар эмоцияларын тыя алмады. Айыпталушылардың туыстары әртүрлі реакция білдірді.

Бір әйелдің жағдайы күрт нашарлап, жылап жіберді. Оны жедел жәрдеммен алып кетті.

Жәбірленуші тараптың мүддесін қорғаған Мейірман Шекеев үкімге көңілі толғанын айтты.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.