06-12-18 |
1410 рет қаралған
Сот Ақбердиеваға тағайындалған тәуелсіз сараптаманы алып тастады.
Маңғыстау облысының апелляциялық сот алқасы Ақтау қаласының 38 жастағы тұрғыны Айгүл Ақбердиеваға тағайындалған психологиялық-филологиялық сараптама жасау туралы бірінші инстанциялы сот шешімін прокурордың апелляциялық шағымы бойынша жойды. Ақбердиеваға «билікті басып алуға шақырды» және тыйым салынған Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысына қатысып, «конституциялық құрылымды күштеп өзгертпек болды» деген айыптар тағылған. 

Прокурордың апелляциялық шағымын Маңғыстау облыстық сотының судьялары – Айжан Молбаева, Хамида Қаженова және Азат Ізбасаров қарады. 

4 желтоқсанда өткен сот отырысында адвокат Жанар Сүндетқалиева мен айыпталушы Айгүл Ақбердиева «жанама қаралып жатқан және бір сотталушы Абловас Жұмаев – Айгүл Ақбердиеваның күйеуінің ісінде екі адвокат келтірген айғақтарды ескермеді» деп, төрағалық етіп отырған судья Ізбасаровқа қарсылық танытты. 

– Сенімсіздік білдіру туралы шағымды өзге екі судья қарап жатқанда Ізбасаров талқы жүріп жатқан кабинеттің маңында тұрды. Әрине, екі судья берген қарсылығымызды қабылдаған жоқ. Үшеуі залға оралып, осындай шешім шығарды, – деді соттан шыққан адвокат Сүндетқалиева. 

Оқи отырыңыз: Әблязовке қарсы түсінік бергендер бостандыққа шыға ма?

44 жастағы Абловас Жұмаевты Ақтау қалалық соты 20 қыркүйекте «әлеуметтік, рулық алауыздық тудырды», «билікті күшпен басып алмақ болды» деген айыптармен үш жылға түрме жазасына кескен еді. Кеше апелляциялық сот алқасы бұл үкімді “заңды” деп танып, күшінде қалдырды. Жұмаев пен Ақбердиева өздеріне тағылған айыптың саяси астары деп санайды. 

Сот 38 жастағы Айгүл Ақбердиеваның сотын Ақтау қалалық сотына қарауға жіберді. Бірақ істі басқа құрам қарайды. Адвокаттың айтуынша, сот құрамын өзгерту туралы шешім заңсыз. 2 қазанда Ақтау қалалық сотының судьясы Малика Кенжалиев Ақбердиева ісі бойынша Астанада кешенді тексеру жүргізу туралы қаулы шығарған.  

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.