Азаттық тілшісінің соттан хабарлауынша, судья Виктор Храпуновқа 17 жыл, әйелі Ләйла Храпуноваға 14 жыл бас еркіндігінен айыру және дүние-мүліктерін тәркілеу жазасын кесті. Сот ерлі-зайыпты Храпуновтарды Қылмыстық кодекстің “қылмыстық топ құру”, “алаяқтық”, “пара алу” баптары бойынша айыпты деп таныды. Виктор Храпунов сонымен бірге “өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иелену” және «қызмет бабын асыра пайдалану» баптары бойынша айыпты деп танылды.
Судья бұған қоса Қазақстан президентінің атына Алматының бұрынғы әкімін ордендері мен наградаларынан айыру туралы ұсыныс жасауға қаулы шығарды.
Бұл іс бойынша Храпуновтардан өзге тағы он адам Яков Заяц, Ғабиден Қайымсұлтанов, Аяр Ілиясов, Қуандық Бискультанов, Абай Сапаров, Алтай Қасымов, Серік Есмұқанов, Айнакүл Садықбаева, Абылайхан Қарымсақов және Абдул-Ғазиз Мұқашев сотқа тартылған. Бұлар Алматы әкімдігінде әр жылдары түрлі қызметтер атқарған. Судья Аяр Аяр Ілиясовқа бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындап, қалған тоғызын Қылмыстық кодекстің 69-бабы («Кепiлгерлік белгіленуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату») бойынша қылмыстық жауаптан босатты. Бұл азаматтарға ақша жымқыру және қылмыстық топқа қатысы бары туралы айыптар тағылған еді.
Сот бұған дейін ерлі-зайыпты Храпуновтар мен Аяр Ілиясовты қамау туралы сырттай шешім шығарған. Ал қалған азаматтардан елден кетпеу туралы қолхат алынған.
Алматының бұрынғы әкімі, Қазақстанның бұрынғы энергетика министрі, 69 жастағы Виктор Храпунов қазір Швейцарияда тұрып жатыр. Храпуновқа және оның жақындарына Қазақстан билігі сыбайлас жемқорлық айыптары бойынша іздеу жариялаған. Храпуновтар мен «олардың сыбайласы» саналатын Аяр Ілиясов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына тергеуге бірнеше мәрте шақырылғанымен, олар келмеген.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024