Шымкент прокуратурасы баспасөз қызметі сотталған олигарх Тоқтар Тулешовтың ісі бойынша жаңа деректер жариялады. Прокуратураның таратқан мәліметтері бойынша, қазір колонияда жазасын өтеп жатқан қазақстандық олигарх Тоқтар Тулешовтан 1 млрд. 215 млн. теңге көлемінде қаражат өндірілді.
«2017 жылдан мемлекеттік сот орындаушының өндірісінде Т.Тулешовтен мемлекет пайдасына 1,4 млрд.теңге өндіру туралы атқару құжаты орындауда болған.
Іс-құжаттарды зерделеу нәтижесінде ЖШС-нің жарғылық капиталындағы активтері ретінде берілген борышкер Т.Тулешовке тиесілі мүліктері анықталды, алайда аталған мүліктерінен өндіруді ұзақ уақыттан бері жүзеге асыра алмаған.
Қала прокуратурасының тікелей араласуымен мемлекеттік сот орындаушы аталған мүліктеріне бағалау жүргізіп, нәтижесімен соттың ұйғарымы негізінде олар мемлекет пайдасына берілді.
Айтылғандардың негізінде, атқару өндірісінің аясында Т.Тулешовке қатысты сот үкімі орындалып, жалпы сомасы 1 млрд. 215 млн. теңгені құрайтын борышкердің мүлкін бюджетке түсуі қамтамасыз етілді.
Сот үкімінің әрі қарай орындалуы бақылауда», -деп хабарлайды прокуратура.
Еске салайық, Шымкенттік олигарх Тоқтар Тулешов ҚР Қылмыстық Кодексінің 15 түрлі бабы бойынша 21 жылға бас бостандығынан айрылу, мүлкін тәркілеу, сонымен қатар қоғамдық және сауда ұйымдарында қандай да бір қызметке тұруға өмір бойына тыйым салынды.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024