21-11-18 |
1290 рет қаралған
Түркіменстанда спутниктік антенналар сатылмайтын болды.
Ашхабадтың барлық сауда орындарында спутниктік антенналарды сату тоқтатылды. Азаттықтың Түркімен қызметінің хабарлауынша, антенналар жарты жылдан бері заңсыз сатылып келген.

Саудагерлердің айтуынша, қала билігі спутниктік антенналардың сатылып жатқанын байқаса, сауда жасауға рұқсат беретін лицензиядан айыратынын ескерткен.

Биыл ақпан және наурыз айларында Ашхабад шетіндегі 200-дей үйдің тұрғындары өздері орнатқан спутниктік антенналарды алып тастауға мәжбүр болған. Жергілікті билік «тарелкалар» «қала көркін бұзатынын» айтады.

Сарапшылар биліктің бұл әрекеті шын мәнінде халықтың тәуелсіз ақпарат алуына тыйым салу деп есептейді.

Спутниктік антенналардың бағасы шамамен 300 манат (Түркіменстан Орталық банкінің бағамы бойынша 8.5 доллар) тұрады.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.