Махмұд Қасымбеков Қазақстан тұңғыш президенті кеңсесінің басшысы, ал Абай Бисембаев Қазақстан тұңғыш президенті іс басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Ал Бақытжан Темірболатқа Қазақстан президенті кеңсесінің бастығы міндетін уақытша атқару жүктелді. Ерлан Баттақов Қазақстан президентінің іс басқарушысы міндетін уақытша атқарады.
Назарбаев қол қойған жарлық 19 наурызда Ақорда сайтында жарияланды.
19 наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев орталық телеарналар арқылы мәлімдеме жасап, өкілеттілігін тоқтататынын мәлімдеді.
Назарбаев «сайлау кезінде сенген» халыққа алғыс айтты. Ол «Нұр Отан» партиясының жетекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қала беретінін жеткізді.
Назарбаев сайлау өткенге дейін уақытша президент қызметін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынын айтты. Назарбаев телеарна эфирінде өкілеттігін тоқтату туралы жарлығын оқып берді.
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024