Сотталған сегіз адамның төртеуі – студент, біреуі – арбакеш, қалғандары университет түлектері. Олар қаланың Себзор махалласында тұрғын үйді жалға алып тұрған.
Сот мәліметі бойынша, 18 жастағы Комрон Назмиддинов құрдасы Абдуназар Назаровпен бірге жастарға салафилік идеяларын насихаттаған.
Қылмыстық іс материалдарында Назмиддиновтің «жастарды салафилік ағымына кіруге уағыздағаны» туралы аудиожазба бар. Сот ол екеуін алты жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу жазасын кесті.
Қалған алтауы «қылмысты хабарламады» деген айыппен алты айға сотталды.
Сот үкімі 20 қарашада шыққан, әлі күшіне ене қойған жоқ.
Тәжікстан Жоғарғы соты 2009 жылы салафилік діни ағымына республика аумағында тыйым салып, 2014 жылы оны экстремистік ұйым деп таныған.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024